Жанысбекова Г.А.
2017 жылы 2 ақпан ҚР Президентінің Жолдауын Парламент мәжілісінің депутаттары (Б.Ертаев, Б. Мамраев) колледж ұжымы, студенттерімен талқылауы.
Жанысбекова Г.А.,
Талдықорған политехникалық
колледжінің әдіскері
ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР, ӘРІПТЕСТЕР, СТУДЕНТТЕР!
Бүгін Елбасы Жолдауын талқылау мақсатымен сіздермен жүздесіп отырмыз. 82-жылдық тарихы бар Талдықорған политехникалық колледжі – Жетісу өңіріндегі, Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ірі, озық тәжірибесі мол оқу орындарының бірі.
Елбасы Жолдаулары республикамыздың әр азаматы, кез келген ұйым немесе мекеме үшін үміт артып күтетін бағдарламалық құжат және осы құжаттан өзіне басты бағытты анықтап алатын, жалпы бағыт-бағдар беретін, елімізді жаһандық сынақтардың кезеңінен алып шығуға бағытталған құжат.
Жолдаманың мазмұны мен негізгі бағыттарымен таныстық. Оның ішінде төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс».
«Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.
Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін.
Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды» делінген.
Жалпы, тіл – жеке адамның, жеке шаруасы емес десек болады. Тіл – халықтың қазынасы, тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тілдің мәртебесі ұлттың, елдің мәртебесі. Тіл отбасынан бастау алады, қоғам аясында дамиды, ал отбасы мен қоғамның мақсат-мұраты бір.
Колледжің 40 оқытушысы қазіргі уақытта Алматы облысының «Тіл» оқу – әдістемелік орталығында мемлекеттік тіл мен ағылшын тілі бойынша оқыту курсынан өтіп жатыр. 20 оқытушы 5 айлық мемлекеттік тілді оқыту курсынан және «Казтест» диагностикалық тестілеуден өтіп, осы жылдың 5 қаңтарынан ағылшын тілі деңгейін көтеруде.
Елбасының бастамасымен 2017 жылы іске асырыла бастаған «Баршаға арналған тегін кәсіптік – техникалық білім беру» жобасына келсек, бұл біздің негізгі жұмыс бағытымыз.
Уважаемые гости, коллеги! О проекте «Бесплатное обучение профессионально-техническое образование для всех», которому дан старт в этом году по инициативе Главы государства. Это отличная мотивация для подростающего поколения, он даст уверенность молодым людям, что получат востребованную профессию. Тем самым, профессионально-техническое образование (ПТО) будет заниматься формированием среды рынка труда. Повышается престиж ПТО. Наш инженерно-педагогический коллектив намерен внести вклад в развитие образования и экономики региона, способствовать созданию новых рабочих мест, поднять уровень профессиональных компетенций специалистов в городе и области.
В целом внести вклад в дело становления страны Великой степи – Мәңгілік Ел.
Если сказать просто: каждый из нас должен чувствовать большую ответственность, каждый человек на своем месте, на своем рабочем месте добросовестно и честно будет выполнять свои обязанности и работу, тем самым он будет помогать государству.