Электроника және коммуникациялар құзіреттілік орталығы

Мақсаттары: Мамандарды тәжірибелік дағдыларға, байланыс жүйелерін, электрондық жабдықтар мен телекоммуникация желілерін жобалау, пайдалану, орнату, басқару, сынау және қызмет көрсетудің заманауи әдістерін оқыту болып табылады. Республиканың өнеркәсіп кәсіпорындары үшін WorldSkills стандарттарының талаптары деңгейінде жоғары білікті мамандарды даярлау.

Міндеттері: Кадрларды даярлау тиімділігін арттыру, қолданыстағы жүйені жетілдіру және мамандарды даярлаудың инновациялық моделін енгізу.

Жұмыс бағыттары:
-Болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.
-WorldSkills халықаралық қозғалыс стандарттарына негізделген әдістемелерді енгізу бойынша оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
-WorldSkills талаптарына сәйкес кәсіби-сарапшылық қоғамдастықты қалыптастыру.
-«Электроника», «Мобильді робототехника», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Заттар интернеті», «Прототиптеу», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру, «Киберқауіпсіздік» құзіреттіліктері бойынша мамандарды даярлау үшін база құру.
-Түрлі құзіреттіліктер бойынша демонстрациялық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу.
-Серіктес колледждерді, жоғары оқу орындары мен мектептерді қоса алғанда, әлеуметтік әріптестер шеңберін кеңейту.
-Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша “Talap” КЕАҚ-пен серіктестік.

Құзіреттіліктер:

  1. Ақпараттық кабелдік желілер
  2. Желілік және жүйелік әкімшілендіру
  3. Электроника
  4. Заттар интернеті
  5. Мобильді робототехника
  6. Киберқауіпсіздік
  7. Прототиптеу