Жалынды жастар-еліміздің жарқын болашағы.
Талдықорған Жоғарғы Политехникалық колледжінде “Amanat” партиясы жанынан құрылған “Жастар қоғамдық кеңесі” тұрақты комиссиясының жоспарына сәйкес Талдықорған қалалық маслихатының депутаты Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы Жас білімгерлермен кездесті.
«Мемлекет Басшысы биылғы жолдауында: Ең бастысы, жастарға еңбекқор болған кезде ғана нарықта бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіндік болады деген еді. Осы тапсырманы орындауда колледж әкімшілігі мен басшысы Еркат Биғалиұлының зор еңбегіне куә болдым. Материалды техникалық базасы студенттердің барынша өз мүмкіндіктері мен дарынын қолдана алу үшін машықтануға жасалған. Арнайы заман талабына сай мамандықтарды даярлауда білікті мамандар жас ғалымдар қызмет етуде. Жас студенттер көкірегі ояу, өзіндік пікірлері қалыптасқанын байқадым» – деді Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кездесу барысындағы ұсыныстары мен сұрақтарына жауап қайтарылып, жобалар аясында қызмет атқаруға екі жақты келісім жасалды.
«Мемлекеттің болашағы білімді, көзі ашық көкірегі ояу өзін танып білген, өз болашағына үлкен үмітпен қарайтын, еңбекқор жастар қолында екені белгілі. Осындай жастарды осы колледж қабырғасында кездестіргеніме қуандым. Колледж әкімшілігіне, ұжымына нәтижелі кездесу үшін алғысымды айтып, еңбектеріңіз абыройлы болғай демекпін» – Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.