“Қазақстандағы жастарды кәсіптік бағдарлау мәселелері және оларды шешудің жолдары”

Published by tptk.kz on

Қазақстан студенттері альянсының төрағасы Түстікбаев Ілияс Нұрболұлының және білім саласының мамандарының қатысуымен “Қазақстандағы жастарды кәсіптік бағдарлау мәселелері және оларды шешудің жолдары” тақырыбында ашық диалог алаңы ұйыдастырылды.

Ашық диалог алаңында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Ерқат Биғалиұлы Мұқажанов “ТжКБ ұйымдарындағы кәсіби бағдар жұмысының маңызы” тақырыбында сөз сөйледі.

Аталған іс-шара Қазақстан студенттері альянсы Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және 14 облыстың мектептерінің, колледждерінің, жоғары оқу орындарының білім алушылары мен түлектеріне бағытталған «Кәсіптік бағдар беру, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы ақпараттандыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» жобасы шеңберінде іске асырылды.

Отредактировано · 2 дн.

Categories: НОВОСТИ