Published by tptk.kz on

Қазақстан студенттер Альянсының Президенті Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы, Алматы облысы Мәслихатының депутаттары Тулепбергенова Асел, Дигай Дамир, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сапаров Елдар, Білім басқармасының қызметкерлерімен бірге Талдықорған қаласындағы жұмыс сапарында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқу корпустары мен Студенттер үйін аралап, колледждің жұмыс барысымен танысты.

“Елімізде колледждер саны ЖОО қарағанда 5 есе көп, білім алушылар саны шамамен бірдей. Өңірлерде қоғамдық өмірге белсене қатысатын колледждер жетерлік және жағдайларыда университеттен кем түспейтіндері бар. Жоғарыда аталған колледж соған келеді. Ашығын айту керек ЖОО қарағанда колледжге аз көңіл бөлеміз. Бірақ студенттері жазып белсенділік танытып жатады. Алдағы уақытта жүйелі жұмыс жүргізу керек. Колледждердің көбісі аудандарда, кіші қалаларда орналасқан. Бұрынғы СПТУ дегендер қазір колледж. Нағыз жұмысшы мамандықтарды дайындайды. Дамыған шет елдерге қарасақ бітіруші түлектер колледжге түсуді армандайды. Барлығына топырақ шашпаймын, бірақ бізде тек ҰБТ тапсыра алмаймын дегендер 9 сыныптан кетіп түсіп жатады. Колледж имиджін, білім сапасын, жағдайына көңіл бөлу керек. Тәжірибеде колледждерді жеке кәсіпкерлерге, бизнес ортаға сенімді басқаруға беріп жатады. Бірақ мамандар нарыққа қажетсіз, қаржысы, пайдасы аз болғаннан кейін қайта мемлекетке тапсырады. Сол үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін ойластыру керек. Ал, Талдықорған жоғары политехникалық колледж жағдайын суреттен көрсеңіздер болады. Оң көзқарас қалдырды. Барлығы осындай болса ғой. Колледж ұжымына табыс, білім алушыларына сәттілік тілеймін!” – деп, Қазақстан студенттер Альянсының Президенті Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің ойымен бөлісті.

“Қазақстан студенттер Альянсы” – бұл студенттердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайтын республикалық студенттік қозғалыс. Ол студент жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шешуші және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысушы ұйым ретінде құрылған.

Categories: НОВОСТИ