Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде “Даланың дара ұстазы” атты облыстық байқау өтті.

Published by tptk.kz on

«Даланың дара ұстазы» атты облыстық шығармашылық байқауы Ы.Алтынсарин әңгімелерінен сахналық көрініс көрсету бойынша өткізілді.

Байқаудың мақсаты:
1.Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен білімгерлерді таныстыру.
2.Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
3.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

Шараны ұйымдастырушылар “Тіл білімі және қоғамдық-гуманитарлық” кафедрасының оқытушылары Андасова Гүлжан Касейновна және Дүйсембекова Ақерке Нұрмұхамбетқызы.

Categories: НОВОСТИ