Қазіргі жағдайда “Кәсіптік оқыту” мамандығын дайындау жолдары

Published by tptk.kz on

2021 жылы 23 маусымда Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында орналасқан «Кәсіптік оқыту» бейіні бойынша оқу –әдістемелік бірлестік «Қазіргі жағдайда “Кәсіптік оқыту” мамандығын дайындау жолдары» атты Пленум өткіді. Пленумға Республикамыздың 34 колледж өкілдері және КЕАҚ «Тalap» WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасы басшысы Гасимов Ринат Гаптулханович қатысты.

Пленумның мақсаты: Озық идеяларды іздеу, “Кәсіптік оқыту” мамандығы бойынша ТжКБ-ның инновациялық тәжірибесі мен өзекті міндеттерін іске асыру, тәжірибе алмасу, алдағы оқу жылына ОӘБ жұмысын жоспарлау.

Қарастыратын мәселелер: Өндірістік оқыту шеберлерінің мәртебесін көтеру, Worldskills Kazakhstan чемпионатына «Өндірістік оқыту шебері» құзыреттілігін демонстрациялық (презентациялық) тұрде қосуды ұсыну болды.

Categories: НОВОСТИ