Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынын оқушысы, атақты Гарвард университетінің грант иегері атанған Сезім Ертанатовпен колледжде кездесу өтті

Published by tptk.kz on

Кездесу барысында Сезім өзінің жеткен жетістіктерімен бөлісіп, болашақта компьютерлік ғылым саласымен айналысатыны туралы сөз қозғады. Ол республиканың көптеген мектеп оқушылары үшін өзінің табандылығы мен нақты жоспарлау қабілетінің арқасында әлемдегі ең үздік университетке түсе алған адамның үлгісі болды.

Колледж жастары кездесуден өздеріне жаңа және қызықты ақпарат алды деген ойдамыз! Мүмкін, осы кездесуден кейін жаңа көкжиектерді бағындырып, жоғары деңгейдегі оқу орындарда, тіпті Гарвардта оқуды жалғастырғанды жоспарлағандар да бар шығар!

Categories: НОВОСТИ