Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Published by admin on

Президент өз жолдауында білім беру саласына тоқталып, ұсыныстар айтып, тапсырмаларды жүктеді. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы толыққанды білім беретін онлайн платформаны әзірлеуді және барлық санитарлық талаптарлы сақтай отырып, дәстүрлі білім беру үрдісіне көшу керек екенін де атап өтті.

Сонымен қатар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25%-ға көтерілетіндігін мәлімдеді.

Бұдан бөлек Президент денсаулық сақтау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы маңызды мәселелердің шешімін табу үшін атқарылатын жұмыстарды атап өтті.

Categories: НОВОСТИ