Рустембекова Айжан Мақсұтқызы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің педагог-психологы
Телефон: 8 700 120 30 80
E-mail: pt_11@bk.ru
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің психологиялық қызметі
Білім беру жүйесі ұрпаққа адамзат қоғамының тарихында жинақталған мəдениеттің, қоғамдық сананың əр саласынан білім бере отырып, олардың өзі өмір сүретін ортада икемділігі мен қабілетіне қарай мамандық таңдап, қоғамның дамуына атсалысатын азаматты тəрбиелейді. Тəрбиенің басты өлшемі – тəрбиелілік, басқа адамның оның іс-əрекетін үлгі тұтуы, яғни адамгершілік сапаларын теориялық жағынан ғана біліп қоймай, өзінің іс-əрекетімен дəлелдеп, көрсетуі. Колледждегі тәрбие жұмысын жүзеге асыратын тәрбие бөлімінің маңызды бөлігі – ол психологиялық қызмет болып табылады.
Колледждегі психологиялық қызметтің мақсаты:білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
2019-2020 оқу жылының жоспарында колледж психологиялық қызметінің алдында талай міндеттер тұр. Осы міндеттерді орындау барысында оқу жылының қыркүйек айынан бастап 1 курс білімгерлерінің бейімделуіне тиімді ықпал жасау жұмыстары, жағымды қарым-қатынас құрып, түсініспеушіліктерді болдырмау мақсатында тренингтік жаттығулар жүргізілуде, топ жетекшілеріне «Қиын жасөспірімдермен жұмыс жүргізу» тақырыбында дәріс оқылды, сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын-алуға бағытталған онкүндік өтті. Талдықорған қаласында орналасқан «ШАНС» әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсету орталығымен бірлескен жоспар құрылды, осы жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп, семинар-кеңестер, кездесулер өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар биылдан бастап колледжде педагогикалық-психологиялық Кеңес жұмысы басталды. Бұл кеңестің басты мақсаты – оқу-тәрбие үрдісінде және студенттік ортада студенттермен өзара әрекеттесетін оқытушылардың кәсіби қызметі-сүйемелдеу болып табылады. Колледжге келген студент студенттік ортаға кіре келе, өзінің жеке мақсаттарын шеше отырып, әлеуметтену, білім алу, психикалық және тұлғалық дамуын жүзеге асырады. Осы кезеңде қасында болатын ересек адамдардың сүйемелдеу жұмысы оның сәтті білім алуына, әлеуметтік және психикалық дамуына жағымды әлеуметтік-психологиялық жағдай жасауға бағытталады. Соның ішінде психолог, педагогпен бірлесіп студентті білім үрдісіне енгізе келе бір жағынан білім алу және дамуға берілген жағдайларды толығымен қолдануға, екінші жағынан индивидуалды ерекшеліктерін студенттік өмірдің жаңадан құрылған жағдайларына бейімдеу болып табылады.
Сонымен қатар, колледждегі психологиялық қызметтің маңызды бөлігі болып табылатын сауалнама жұмыстары арнайы бағдарлама көмегімен онлайн режимінде өтеді, ол өте ыңғайлы және тиімді екендігіне көз жеткізіп отырмыз.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің миссиясына сәйкес жан-жақты дамыған мамандарды оқыту және даярлау барысында оқу-тәрбие үрдісі, соның ішінде психологиялық қызмет үздіксіз жүргізілуде.