Үздік бастауыш ұйымы
Алматы облыстық партия филиалында «Үздік бастауыш ұйымы» анықталды
Барлығы 345 бастауыш партия ұйымдары қатысып, облыстық байқауға 42 бастауыш партия ұйымы жолдама алды.
Байқауға төрағалық ететін комиссия құрамында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, төрағаның орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, облыстық партия филиалы ұйымдастыру және бақылау жұмыс бөлімінің меңгерушісі Самал Бакирова, облыстық партия филиалы саяси – жұмыс бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Дүскеева, «Өлкетынысы» ЖШС директорының орынбасары Шыңғыс Бозым, «Жетісу» газеті заң және саясат бөлімінің меңгерушісі Мәди Алжанбай болды.
Байқау нәтижесінде 2 санатта үздіктер қатарынан (100-ден 500-ге дейін) Талдықорғандық «Парасат» бастауыш партия ұйымы( Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында) танылып, жеңімпаз болды.
Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Nur Otan» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының III кезеңіне жолдама алды.
Марапатымыз құтты болсын!
[su_slider source=”media: 8356,8357,8358,8359,8360″ limit=”32″ link=”lightbox” width=”480″ height=”280″]