ТӘЛІМГЕР ЖӘНЕ ЖАС МАМАН
Ұстаз болып оқу орындарының табалдырығын аттағаннан бастап өмір бойы білім алу, өмір бойы үйрену бұрынғыдан артпаса, кемімейді. Соның ішінде әріптестеріңнен үйрену, тәжірибе арқылы үйрену мықты құралың болады. Жас маман болып колледжімізге келген оқытушыларымызға педагогикалық та, психологиялық та, әдістемелік те қолдау көрсету сол ұжымның ішіндегі тәжірибелі ұстаздарға жүктелген аса жауапты міндет. Колледжде аға буын ұстаздарымыз жас мамандарға қолдау танытып, шығармашылық тәжірибелерімен бөлісуде. Соның айғағы ретінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің “Арнайы пәндер” кафедрасы онкүндігі аясында, тәлімгер К.А. Құсайнов жас маман Б. Балтабаев ашық зертханалық сабақ өткізді. Ашық сабақта оқытушылар жан- жақты студенттерге электрлі құрал- жабдықтармен жұмыс жасаудың қыр- сырын түсіндірді. Тоериялық білімдерін практикамен ұштастыру мақсатында жұмыстар жасады.
[su_slider source=”media: 8432,8431,8430,8429,8428,8427″ limit=”32″ link=”lightbox” width=”480″ height=”280″]