Cisco Academy
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі — заманауи IT-білім берудің аймақтық көшбасшысы. Колледж базасында халықаралық CISCO Academy орталығы табысты жұмыс істейді.
Бұл академия — студенттер мен оқытушыларға желілік технологиялар, киберқауіпсіздік және ақпараттық жүйелер саласында терең білім беруді мақсат етеді.
МАҚСАТЫ
CISCO академиясының басты мақсаты — білім алушыларды әлемдік деңгейде мойындалған Cisco Networking Academy бағдарламалары арқылы оқыту, олардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, және халықаралық сертификаттар алуына мүмкіндік жасау.
НЕГІЗГІ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН КУРСТАР:
- CCNA (Cisco Certified Network Associate) — желілік технологиялардың іргелі курсы
НӘТИЖЕЛЕР МЕН ҚОЛ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР
- 2 студент халықаралық деңгейде CCNA (Cisco Certified Network Associate) сертификатын иеленді.
- Қазіргі таңда 50 білім алушы академия курстарында оқып жатыр.
- 17 оқытушы мен 19 студент CCNA курстары бойынша сертификаттар алды.
БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ
CISCO Academy — студенттерге тек теориялық білім емес, сонымен қатар практикалық дағдылар мен әлемдік деңгейдегі IT-компаниялар талаптарына сай тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама арқылы колледж түлектері жаһандық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар ретінде қалыптасады.
CISCO Academy — технологиялар әлеміне апарар сенімді қадам, IT болашағына бастар жол.
Жауапты тұлға:
Албосынов Назар Сәкенұлы
Ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі
Байланыс:
📞 Телефон: +7 707 180 37 19
