Орта буын
Мақсаты
Бағдарламаның басты мақсаты – студенттерге орта кәсіптік техникалық деңгейде кәсіби құзыреттер қалыптастырып, оларды өндірістік және қызмет көрсету салаларында орта буын маман ретінде еңбек нарығына дайындау. Бағдарлама студенттердің теориялық білімін практикалық дағдылармен толықтырады және кәсіби стандарттарға сәйкес орта буын мамандықтарын меңгеруді қамтамасыз етеді.
Түсу талаптары
- Орта білім немесе «Жұмысшы біліктілігі» деңгейі бойынша біліктілікке ие құжат;
- Медициналық анықтама және кәсіптік бейінге сәйкес қосымша талаптар болуы мүмкін;
- Қосымша курстар мен сертификаттар ұсынылуы мүмкін, бағдарлама бағытына байланысты.
Оқыту мерзімі және құрылымы
- Оқу мерзімі: 1 жылдан 2 жылға дейін, бағдарлама бағыты мен қабылдау базасына сәйкес;
- Теориялық және практикалық сабақтар үйлестірілген. Теориялық бөлім колледжде өткізіледі, практикалық блоктар серіктес кәсіпорындарда жүзеге асырылады;
- Оқу жоспарына кәсіптік пәндер, өндірістік практика, кәсіби жобалық тапсырмалар, қауіпсіздік техникасы және кәсіби этика кіреді;
- Бағдарламаның соңында студент «Орта буын» мамандығы бойынша кәсіби құзыреттерін растайтын диплом немесе сертификат алады.
Артықшылықтары
- Өндірістің нақты жағдайында тәжірибе жинау мүмкіндігі;
- Кәсіби құзыреттерді қалыптастыру арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу;
- Колледждің серіктес кәсіпорындарында практика өту арқылы нақты өндірістік тапсырмаларды орындау;
Жұмыспен қамту перспективалары
Түлектер өндіріс, қызмет көрсету, сауда, құрылыс, IT және техникалық салаларда жұмысқа орналаса алады. Колледждің серіктес кәсіпорындарымен ынтымақтастық нәтижесінде түлектердің еңбекпен қамтылу деңгейі жоғары – шамамен 95%.
Реттеуші негіздер
- Қазақстан Республикасы «Техникалаық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліқ классификаторы» (V1800017564);
- «Кәсіби біліктілік туралы» Қазақстан Республиканың заны;
Колледждің оқу жоспарлары мен серіктес кәсіпорындардың талаптары.
Орта буын мамандықтары
| Мамандық коды мен атауы | біліктілік | Оқу мерзімі | Профильді пәндер / Қабылдау талаптары |
|---|---|---|---|
| 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер | 4S06120102 Желілік және жүйелік әкімші техник | 9 сынып – 2ж.10ай | Алгебра, Информатика |
| 06120200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері | 4S06120202 Ақпараттық қауіпсіздік техникасы | 9 сынып – 2ж.10ай | Алгебра, Информатика |
| 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы | 9 сынып – 2ж.10ай, 11 сынып – 1ж.10ай | 9 сынып: Алгебра, Информатика; 11 сынып: Алгебра және анализ негіздері, Информатика |
| 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 4S06130104 Бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдау және тестілеу техникасы | 9 сынып – 2ж.10ай | Алгебра, Информатика |
| 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 4S06130105 Ақпараттық жүйелер техникасы | 9 сынып – 2ж.10ай, 11 сынып – 1ж.10ай | 9 сынып: Алгебра, Информатика; 11 сынып: Алгебра және анализ негіздері, Информатика |
| 07140500 Cандық техника | 4S07140504 Техник-электронщик | 9 сынып – 2ж.10ай | Физика, Информатика |
| 07140900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар | 4S07140902 Телекоммуникациялық байланыс жүйелерінің технигі | 9 сынып – 2ж.10ай, 11 сынып – 1ж.10ай | 9 сынып: Алгебра, Физика; 11 сынып: Физика, Информатика |
| 07141000 Пошта байланысы | 4S07141002 Почта байланыс технигі | 9 сынып – 2ж.10ай | Алгебра, Физика |
| 07161100 Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелер | 4S07161102 Пилотсыз авиациялық жүйелерді техникалық пайдалану жөніндегі техник-механик | 9 сынып – 2ж.10ай, 11 сынып – 1ж.10ай | 9 сынып: Алгебра, Шетел тілі; 11 сынып: Алгебра және анализ негіздері, Шетел тілі |
| 07320300 Автоматтандырылған ғимараттарды жобалау және эксплуатациялау | 4S07320303 Ақылды ғимараттарды басқару жүйелері техникасы | 9 сынып – 2ж.10ай, 11 сынып – 1ж.10ай | 9 сынып: Алгебра, Физика; 11 сынып: Алгебра және анализ негіздері, Физика |
| 07320300 Автоматтандырылған жүйелер жобалау | 4S07320302 BIM-техник | 9 сынып – 2ж.10ай | Алгебра, Физика |
| 07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | 3W07320102 Ағаш өңдеу және паркет жұмыстар шебері | 9 сынып – 1ж.10ай | Алгебра, Физика |
| 01140800 Кәсіптік оқыту | 4S01140801 Өндірістік оқыту шебері, техник | 11 сынып – 2ж.10ай | Сұхбат (21–28 шілде) |
Байланыс ақпараттары
- Мекен-жай: Талдықорған қ., Жансүгіров көш., 226
- Телефон: 8 (708) 123 90 90
- Email: thpc@edu.kz
- Instagram: tvptk_tdk
- Сайт: thpc.edu.kz
