2024-2025 оқу жылындағы колледж қызметінің өзін-өзі бағалау есебі
«Талдықорған жоғары политехникалық колледжі» ШЖҚ МКК, 2024- 2025 оқу жылындағы колледж қызметін өзін-өзі бағалау туралы есебі «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025ж. №98 бұйрығымен бекітілген жаңа редакциясы негіз болды.
Өзін-өзі бағалау туралы есепті дайындауға колледж әкімшілігі, құрылымдық бөлім меңгерушілері, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Есеп екі бөлімнен тұрады:
Біріншісі – ақпараттық және аналитикалық материалдар.
Екіншісі – қосымша беттер.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025ж. №98 бұйрығының: 2-тарауы, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары», 3-ші пункті, «Бағаланатын кезеңге өлшемшарттар»:
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік аттестаттау болып табылмайтын білім беру ұйымдарын жыл сайынғы бағалау оқу нәтижелеріне бағалау жүргізбей өткізіледі, сонымен қатар білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ескере отырып, бағаланатын кезең толық оқу жылы болып табылады;
Колледж қызметіне талдау 01.09.2024 — 30.06.2025 жылғы құрылымдық бөлімдер мен жалпы колледждің есептері, колледждің оқу-тәрбие үдерістеріне мониторинг жүргізу нәтижелері негізінде құрастырылды.
Өзін-өзі бағалау есебін дайындау барысында колледж қызметінің бағыттары бойынша сұрақ қою, сауалнама жүргізу, құжаттарды зерттеу, материалдарды өңдеудің статистикалық әдістері пайдаланылды.
