IC3 Regional Forum | Astana
Нұрорда мектеп-лицейінде өткен IC3 өңірлік форумы жоғары білім беру мен мансаптық бағдар берудің маңызды алаңына айналды.
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі атынан форумға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Баяхметов Мирас, оқытушылар Мамыров Айбек пен Әлиасқар Думан қатысты.
Форум аясында колледжімізде жаңадан ашылған “Қашықтан басқару аппаратының операторлары” мамандығына кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бірқатар білім беру ұйымдарымен екіжақты ынтымақтастық орнатып, меморандумдарға қол қойылды.
Ұйымдастырушыларға және ерекше қонақжайлық танытқан Нұрорда мектеп-лицейіне зор алғысымызды білдіреміз!
Білім мен болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар беретін осындай кездесулердің маңызы зор!



0 комментариев