🆕WorldSkills Zhetysu 2025 өңірлік чемпионаты салтанатты түрде ашылды!
Жетісу облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды кәсіби шеберлік байқауы өз жұмысын бастады!
21-25 сәуір аралығында өтетін бұл чемпионат – жастардың шығармашылығы мен заманауи дағдыларын көрсететін кәсіби алаң.
Биылғы чемпионатқа:
- 25 құзыреттілік,
- 155 қатысушы,
- 4 колледж базасы қатысуда.
Қатысушылар IT, графикалық дизайн, инженерия, аспаздық, дрондар, видеомонтаж және басқа да бағыттар бойынша өз шеберліктерін сынауда.
Жеңімпаздар Астанада өтетін ұлттық чемпионатқа жолдама алады!
Жетісудың дарынды жастары – ел болашағының тірегі!





0 комментариев