“MISS POLYTECH-2024”
7 ақпан күні жоғары деңгейде “MISS POLYTECH-2024” байқауының финалы өтті. Аталмыш байқау қатысушылардың сұлулығын, зияткерлігін және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
“MISS POLYTECH-2024” байқауының нәтижесінде бас жүлдені иеленіп, Айтақынова Ақерке Семғалиқызы «MISS POLYTECH» атағын жеңіп алды.
Молдәлім Гүлнұр Жаңабайқызы І вице-мисс атанып, оның да өзіндік ерекшелігімен бағаланды. Шонырақ Әнел Бауыржанқызы мен Құрманғали Ақбота Ермекқызы сәйкесінше ІІ және ІІ вице-мисс атанды, олардың әрқайсысы өзіндік жеке қасиеттерімен және таланттарымен ерекшеленді.
Шальнева Наталья “Miss People’s Choice” атағын иеленді, бұл оның көрермендер арасындағы танымалдылығын көрсетті.
“MISS POLYTECH-2024” байқауының финалы қатысушылардың өздерінің таланттарын және қабілеттерін көрсетуіне ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби және жеке дамуына да ықпал ететін құнды тәжірибе болды. Бұл іс-шара қатысушыларға өздерінің сенімділіктерін арттыруға және өз мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесті.
0 комментариев