«WorldSkills  Kazakhstan  2022» ұлттық кәсіби  шеберлік чемпионаты жеңімпаздарын құрметтеу рәсімі

Опубликовано tptk.kz в

23 желтоқсан күні Жетісу облысы Білім басқармасының басшысы Айжан Маманқызы Адамбекованың қатысуымен Астана қаласында өткен «WorldSkills  Kazakhstan  2022» республикалық кәсіптік шеберлік конкурсында үздік атанғын Жетісу облысының құрама командасын  құрметтеу рәсімі өткізілді.

4-11 желтоқсан аралығында  VII республикалық чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 500–ден астам WorldSkills өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.  «WorldSkills  Kazakhstan  2022» ұлттық кәсіби  шеберлік чемпионатына жаңадан құрылған Жетісу облысының намысын қорғауға 6 колледж және 26 құзыреттілік бойынша қатысушылар барды.

Республикалық чемптонатта жүлделі ІІ орын күміс медалін «Мектепке дейінгі білім беру» құзыреттілігі бойынша «Zhansugurovcollegeінің»  студенті  Нұрдәулет Аяулым Қасымқызы  және «Қонақ үй ресепшионисті» құзыретілігі бойынша Текелі қаласының кәсіптік колледжінің студенті Алтынбекқызы Балнұр жеңіп алды. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің  студенті Агапов Павелді «Веб технологиялар» құзыреттілігі бойынша ІІІ жүлделі орынға қола медаль иеленді.

Сонымен қатар,  Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенті «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша  Баймуханбетов Тимур Серикович марапатталады, жетекшісі Албосынов Назар Сакенұлы, «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреті бойынша Сейд-оглы Наргүл, жетекшісі Бейсембеков Жандос Жаңабайұлы және «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша «Zhansugurovcollegeінің» студенті Мұхтарбекқызы Елнұр жетекшісі Арчабаева Сания Жанатовна  «Үздік маман» медальонін алды.

Жеңімпаздар еліміздегі ірі кәсіпорындардан жұмысқа шақырту алады және келесі жылы WorldSkills Europe чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.

Рубрики: Uncategorized

0 комментариев

Добавить комментарий

Avatar placeholder

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *