Жастарды әлеуметтендіру және оңалту
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында NEET санатындағы жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне тарту мәселелері бойынша Талдықорған политехникалық колледжінде «NEET» жастарының құндылығы» атты кездесу мен «NEET жастары: құлықсыз жастарды қалай ынталандырамыз?» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Жоба жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептері, жобалық кеңсе тарапынан жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, NEET жастарының қордаланған мәселелерінің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты – жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.
Іс-шара спикері кәсіпкер @qazaq.biznesi Елбол Естайұлы. Мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.
Ұйымдастырушылар: @adyrna.kz «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ және Талдықорған политехникалық колледжі