АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА “ӨМІРЛІК БАҒДАР” АТТЫ ЖАҢА ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
Алматы облысы білім және ішкі саясат басқармаларының бірлесіп ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 8 сәуірінен «Өмірлік бағдар» жобасын жүзеге асыру жұмыстары басталды.
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу.
Осы бағытта Алматы облысы және Талдықорған қаласының орта мектептерінің ата-аналарымен және оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша кездесулер өткізіледі.
Мұндай кездесулер 13 сәуірден бастап он күн бойы Алматы облысының барлық мектептерінде ұйымдастырылады.