Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру

Опубликовано tptk.kz в

«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы мен «ДАМУ Қазақстан Ассоциациясы» арасында Сыбайлас жемқорлықпен күрес, оған мүлдем төзбеушілік қағидаттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Осы мақсатта «Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары колледж студенттерімен арнайы онлайн мастер-класс өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат қалыптастырудағы парасаттылық рөлімен;
  • сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптастыру жайындағы халықаралық тәжірибемен;
  • парасаттылық мәдениетін дамыту тетіктерімен;
  • парасаттылық тұжырымдамасының ұлттық негіздерімен;
  • Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарымен танысты.

Рубрики: НОВОСТИ