Жетісу облысының колледж студенттеріне арналған «Мен кәсіпкермін» онлайн турнирінің облыстық кезеңі өтті.
Бұл іс-шара болашақ кәсіпкерлердің өз идеяларын дамытуға және тәжірибелік дағдыларын шыңдауға арналған тамаша алаң болды. Турнир барысында студенттер өздерінің бизнес-идеяларын ұсынды, тәжірибелі мамандардан кеңес алды және кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.
Нәтижесінде, үздік деп танылған жобалар республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл студенттер үшін өз бизнес-идеяларын үлкен деңгейде таныстыруға және еліміздің үздік жас кәсіпкерлерімен тәжірибе алмасуға керемет мүмкіндік болмақ.
0 комментариев