ҚР ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ ЖҰЛДЫЗ ӘУЕЗХАНОВА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА
ҚР Оқу ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің өкілі Жұлдыз Әуезханова Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің білім беру сапасы, оқу үрдісі мен материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесу барысында колледж тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім сапасына жаңашыл ұсыныстар айтылды.
Еске салайық, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі білім беру кызметтері техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес, білім беру сапасының деңгейі «үлгілі» болуына байланысты мемлекеттік аттестатаудан сәтті өтті.
0 комментариев