ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКРЕДИТТЕУ: ЕНБЕК НАРАҒЫНА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЙЫНДАУҒА БІРДЕН БІР МҮМКІНДІК
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып NCCER стандарттары «Project Supervision» біліктілігі бойынша халықаралық салалық аккредитация алу рәсімін Талдықорған жоғары политехникалық колледжі бастады.
NCCER құрылыс саласындағы ұлттық оқыту және зерттеу орталығында аккредиттелген оқу орталығы мәртебесін алу мақсатында халықаралық салалық бағалаудан өтті. Осыған орай мекеме құрылыс саласындағы жұмыскерлерді сертификаттауға құқық беретін халықаралық үлгідегі тиісті құжатқа ие болады. Бұл сертификат маман құзыретінің кәсіби стандарттарға, оның ішінде халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігін тануға және растауға арналған. Жоба аясында APEC TC компаниясының өкілдері қызметкерлерді, оқыту орнын, құжаттарды сақтау орны мен NCCER бағдарламасын оқыту бойынша аудит жүргізді.
Айта кетейік, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары «Project Supervision» бағдарламасы бойынша бойынша қысқа мерзімдік курстан өтіп, NCCER базасында оқытушы, үлгерімді бақылаушы, оқу бағдарламасының инспекторы ретінде тіркелді.
0 комментариев