«Оқыту мен оқудағы инновация STEM» білім беру курсы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Сингапур Наньян технологиялық университеті (Сингапурдың NTU) бірлесіп «Оқыту мен оқудағы инновация STEM» курстарын өткізді. Курстың негізгі мақсаты Темасек-Наньян политехникалық қорының халықаралық бағдарламасы аясында Адами ресурстарды дамыту және білім беру мен кадрларды даярлау, білім мен озық тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру, білім беру жүйесінің лауазымды тұлғаларының, мұғалімдері мен білім беру ұйымдарының басшыларының біліктілігін арттыру.
STEM курстарын қорытыңдылау кезеңінде әр аймақ 2 жоба ұсыну қажет болды. Бұл жобаларды іске асыру мерзімі 2021 жыл, және іске асыру кезінде STEM әдістерін мүмкіндігінше қолдану маңызды.
Алматы облысының атынан жобаны Талдықорған жоғары политехникалық колледжі ұсынды. Жобалар жақсы деңгейде, ағылшын тілінде қорғалып, барлық қатысушылар, Сингапур елінің мамандары мен Талап холдингінің ұйымдастырушыларының оң бағасына ие болып, жоғары деңгейде қабылданды. Ұсынылған жобалады іске асырылу барысынды колледж тарапынынан екі оқытушы оқуға барып, барынша қолдау тауып, жобаның нәтижесін көрсетеді.
0 комментариев