Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Ерқат Биғалиұлы Мұқажанов Қаныш Имантайұлы Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Ерқат Биғалиұлы Мұқажанов Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде болып, техникалық білімге қатысты маңызды мәселелерді талқылау барысында, университетпен тығыз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды!
Аталған шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова және белгілі қоғам қайраткері Гүлнар Умарованың қатысуымен өтті.
Айта кеткен жөн, Сәтбаев университетінде студенттер үшін барлық жағдайлар жасалып, техникалық ғылым бағыты жоғары дәрежеде дамыған. Білім ордасы еліміздің ғылым саласында биік жетістіктерге жететін білімді ұрпақ тәрбиелеуде!
Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ректоры Мейрам Бегентаевқа және бүгінгі шараға қатысушыларға алдағы уақытта тек қана сәттілік және ғылыми жетістіктеріңіз көп болсын деп тілейміз!