СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ

Опубликовано tptk.kz в

2021 жылдың 15 қыркүйегінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің Студенттік Парламент Президентін сайлау өтті. Сайлау қашықтықтан және дәстүрлі дауыс беру арқылы жүргізілді.

Сайлау қарсаңында бір күн бұрын колледж ғимаратында сайлау қатысушылары үшін 3 секциялы кабиналар, 2 бюллетень жинау жәшігі және дауыс берушілерді тіркеп, оларға бюллетень тарататын 3 ұйымдастыру алқасы тағайындалған болатын.

Сайлау барысында, оның әділетті өтуін ұйымдастырушылармен қатар, әр үміткердің өздері тағайындаған бақылаушылары да қадағалап отырды. Дауыс беру таңғы сағат 09:00-ден басталып, 15:00-де аяқталды. Орта есеппен сайлауда 1200-ге жуық студент дауыс берген.

Сайлау нәтижесі бойынша көп дауыс жинап, Студенттік Парламент Президенті болған, 3 курс студенті Саматқызы Шырайды құттықтаймыз!

Сайлаудың жалпы нәтижесі төмендегідей:

Саматқызы Шырай– 358 дауыс (31,2%)
Бекмұратұлы Рамазан – 256 дауыс (22,1%)
Оразкелді Әділет – 212 дауыс (18,1%)
Шалқарұлы Алтайыр –204 дауыс (17,6%)
Ахперген Сабина – 127 дауыс (11%)

Рубрики: НОВОСТИ