Алматы облыстық мәслихатының депутаты Қуат Баймырзаев біздің колледжде
Бүгін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде Алматы облыстық мәслихатының депутаты Қуат Баймырзаев студенттермен мемлекеттің кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту, оқыту сапасын арттыру, студенттерге әлеуметтік тұрғыдан жағдай жасау мақсатында экспромт кездесу өткізді.
2020 жылдың соңында колледж студенттері үшін 200 орындық жаңа жатақхана салынып, қолданысқа берілген болатын. Алматы облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталған соң, ақпан айынан бастап 1-курс студенттері аралас форматта оқуға рұқсат алды. Жетісу аймағының әр ауданынан келген колледж студенттері жаңа жатақханада тұрып жатыр.
Студенттермен кездесу барысында Қуат Маратұлы жаңа жатақхана тұрғындарының білім алу барысындағы және әлеуметтік тұрғыдағы мәселелері жайлы сұрады. Ал студенттер өз тарапынан колледжде білім алу үшін жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны (грант) көбейтуді және колледжге тиесілі стадионды жөндеп беруді сұрады.
Мәслихат депутатты алдағы уақытта бұл мәселені тиісті органмен бірлесіп шешетін айтып өтті.