STEM ОҚУ МЕН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР
Талдықорған жоғары полиехникалық колледжі директорының академиялық және өндіріс жұмыстары бойынша орынбасары Елзат Сейтжанұлы Байділданов, колледждің IT кұзыреттілік орталығының оқытушыларына шеберлік классын өткізіп, Миллениалдарды оқыту әдісімен таныстырып, осы әдісті өздерінің оқыту процессінде қолдануға шақырды.
Миллениал – 90-жылдардың аяғы мен 2000-жылдардың басында туылған адамдар. Мұндай жастарды Z ұрпағы және MeMeMe ұрпағы деп атайды. Олар жаһандану, индустрияландыру және цифрлық технологиялардың қол жетімділігі дәуірінде дүниеге келген. Бала кезінен олар техникамен қоршалған және, тиісінше, оны қалай қолдануды жақсы біледі. Компьютерлердің, планшеттердің немесе смартфондардың арқасында 24/7 режимінде сыртқы әлеммен байланысуға және өзара әрекеттесуге дағдыланған.
Сәйкесінше мұндай ұрпақты тәрбиелеу, бұған дейінгі дәстүрлі оқыту әдістерінен өзгеше болмақ. Себебі олардың ойлау жүйесі, психологиясы, ақпаратты қабылдау түйсіктері өзгеше. Сондықтан жаңа әдістер қолдануды қажет етеді. Осындай әдістердің бірі Сингапур елінде, Нанянг Политехникалық колледжінде қолданылады. Ол әдістің бізге интеграцялануға, зерттеулер жасалынып, өзіміздің ұлттық құндылықтарды ескере отырып, осы әдісті толықтырып, біздің оқыту процессінде қолдануды мақсат етіп алдық.
Осы бағытта колледжде 20 адамнан тұратын оқыту тобы құрылды, бір семестр бойы эксперимент жүзінде осы әдісті қолданып, алдағы уақытта нәтижелерді мониторинг жасалынады. Оқу жылының соңында осы әдістің қолданылуы жайлы шешім қабылданатын болады.