STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі мен Болашақ Ассоциациясының ұйымдастыруымен STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» атты Республикалық ғылыми жобалар байқауы 1 жыл бойы жалғасып келеді. Республикалық ғылыми жобалар байқауы 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы ¼ финалға Астана қаласында 4359 ғылыми жоба қатысып 100 ге жуық жоба ½ жартылай финалға жолдама алған болатын . 2- ші кезең «1/2 Жартылай финал» Тамыз айының 20-26 кундері аралығында Шымкент қаласында өтіп 100 ғылыми жобаның ішінен финалға Республика бойынша 34 жоба жолдама алған. Финалға жолдама алғандардың ішінде Алматы обылысынан 3жоба өтті, оның ішіде 2 жобаны қорғағандар жеке кәсіпкерлер болса, 3-шісі Талдықорған политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, жас маман Берліғожа Жігер.
Бүгін 15.12.2018ж. осы аталған STARTUP BOLASHAK «Менің Арманым» атты Республикалық ғылыми жобалар байқауының финалына Талдықорған политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, жас маман Берліғожа Жігер қатысып жатыр. Сәттілік!!!
0 комментариев