Читающий колледж
📚«ОҚУҒА ҚҰШТАР КОЛЛЕДЖ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА
“Оқуға құштар колледж” Республикалық жоба аясында 9.01.2025 ж. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары “Жылдың үздік оқырманы” байқауын ұйымдастырып, өткізді. Байқаудың мақсаты жазушылар шығармаларымен кеңінен танысу, оқырмандарды шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру. Байқауда әр кафедра оқытушылары 2025 жылғы мерейтой иелері – Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар», Ш.Қалдаяқов әндері, К.Тоқаев «Әке туралы естелік», Н. Тілендиев «Есіңе мені алғайсың», М.Мағауин «Бір атаның балалары», Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер», І.Есенберлин «Көшпенділер», М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» шығармалары бойынша буктрейлер дайындап, көрсетті. Екінші кезеңде берілген шығармалар негізінде сахналық көрініс қойылды. Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде ” Оқуға құштар колледж” жобасы негізінде ақиық ақын – Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай “Бүгін менің туылған күнім” атты колледж ішілік байкау өтті. Байқауда колледж білім алушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, арнау өлеңдерін жазды. Байқаудан озық щыққан жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
16 сәуір 2025 жылы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде Тілдер комиссия мүшелері Тұрысбекова К.Т. және Рымтаева А.Т. ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында ағылшын тілі пәнінен аймақтық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада мақсаты:
1 курс білімгерлерінің ағылшын тілі пәні бойынша білім деңгейін аныктау; жеке тұлғаны дамыту; студенттерді ынталандыру; болашак кәсiби қызметке қызығушылықтарын арттыру. Олимпиада нәтижесі бойынша Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің білімгері Тлеужанов Альфат 1 орынды иеленді.
