Саналы ұрпақ клубы
Жалпы ереже
- «Саналы ұрпақ» клубы – бұл колледжде құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мақсатында құрылған студенттердің ерікті бірлестігі.
- «Саналы ұрпақ» клубы – колледждің өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.
- «Саналы ұрпақ» клубы – колледж директорымен бекітілген Ереже негізінде клуб жетекшісінің басшылығымен жұмыс жасайтын студенттер бірлестігі.
- «Саналы ұрпақ» клубының қызметі осы Ереже негізінде жүзеге асырылды.
- Клубтың қызметін реттейтін ішкі құжаттарды басшының өзі әзірлейді және колледж директорына ұсынады.
Мақсаты мен міндеттері
- Жемқорлыққа қарсы мәдениет;
- Ашық оқу орны;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру;
- Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы заңнама;
- Ақпараттық қолдау;
- Барлық білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру;
- Барлық білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтарын аттыру;
- Студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жетекшілеріне айналдыру
Клуб қызметінің принциптері
- Еріктілік;
- Жариялылық және шындық;
- Клуб мүшелерінің құқықтық мәдениеті;
- Клуб қызметін ұжымдық ұйымдастыру;
- Клуб мүшелерінің мүдделерін, абыройы мен пікірлерін құрметтеу;
- Әлеуметтік- пайдалы құндылық;
Клуб жұмысын ұйымдастыру
- Клуб қызметіне қатысқысы келетін студенттер клуб мүшесі болып қабылданады.
- • Клубтың жиналысында ауызша өтініш білдірсеңіз, клуб мүшелігіне қабылдана аласыз.
- Клуб отырыстары кемінде 3 айда бір рет өткізіледі.
Клуб жетекшісі:
- Клуб қызметін ұйымдастырады;
- Кезектен тыс отырыс өткізу туралы шешім қабылдайды;
- Әкімшілік жиналыстарда, студенттердің жалпы жиналысында клубтың жетістіктерімен таныстырады.
Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Клуб мүшелері тең құқықтарға ие:
- клубқа өз бетінше кіріп, клубтан шығуға;
- кезектен тыс отырыс өткізу туралы шешім қабылдауға;
- әкімшілік отырыстарда, конференцияларда клубтың қызметімен танысуға.