СӨС

Салауатты өмір салты  Штабы

 Колледжімізде салауатты өмір салты Штабы құрылған. Бұл Штабты  қадағалау үшін химия-биология пәндерінің оқытушылары жетекшілік етеді. Колледжде жастардың  нашақорлыққа, темекі шегу, ішімдік және наркобизнеске қарсы күресуіне және салауатты өмір салтың насихаттау  үшін түрлі шаралар өткізіледі.

Қаламыздағы наркодиспансерімен, қалалық ішкі істер бөлімінің наркобизнеске қарсы күрес бөлімінің, СПИД орталығының қызметкерлерімен тығыз байланыста болып, сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу, “Қатерлі топқа” ену мүмкіндігі бар жастармен жеке жұмыс жүргізіледі. Нашақорлыққа, есірткеге қарсы өткізілген айлықта мынадай іс-шаралар өткізілді:

  1. «Біз есірткеге қарсымыз» атты топтар арасында плакаттар байқауы.
  2. Бірінші екінші курс студенттері арасында «Знай и живи» атты калалық акция.
  3. Бірінші курс студенттері арасында «Менің болашағым есірткісіз» атты шығармалар конкурсы
  4. «Салауатты өмір салтымыз » деген тақырыпта әр топта кураторлық сағаттар.
  5. «Қызыл Ай» қоғамының волантерларымен бірлесіп «Есірткіге жол жоқ» атты студенттерге арналған семинар тренинг.
  6. «Мен – өмірді таңдаймын» рефераттар конкурсы
  7. Колледж студенттер арасында «Туберкулез» тақырыбында конференция.

Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген іс-шаралардан басқа колледжде білімгерлер арасында анкета түрінде сұрақ-жауап өткізіледі. Биология сабақтарында «ВИЧ/СПИДке қарсы», «Есірткіге қарсы», «Нашақорлыққа қарсы»  презентациялар мен видеоролликтер көрсетіледі.  Медициналық колледж өткізген дөңгелек стөлге біздің колледж студенттері белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Қазан айында нарко диспансерлік дәрігерлерінің ұйымдастыруымен далада халықтың көп жүретін жерінде «Ішімдіке , темекіге, нашақорлыққа қарсымыз» атты тақырыбында өткен акцияға біздің білімгерлеріміз өтте белсенді қатысып, өздерін жақсы жақтарынан көрсете білді.

Осы акцияға біздің колледж білімгерлері белсене қатысқаны үшін колледжіміздің директоры алғыс хатпен марапатталды.