Директордың оқу бөлімі жөніндегі орынбасары
[bscolumns class=”one_third”]
040009 Алматинская область, , г. Талдыкорган, ул. Жансугурова, 226, учебный корпус №1, 2 этаж, 219-кабинет[/bscolumns][bscolumns class=”one_third”]
Байділданов Елзат Сейтжанұлы
[/bscolumns][bscolumns class=”one_third_last”]Байланыс ақпараттары:
Телефон: 8(7282) 22-15-71
Почта: Elz_bd@mail.ru
[/bscolumns][bscolumns class=”clear”][/bscolumns]
[su_spoiler title=”Қосымша ақпарат” open=”no” style=”default” icon=”plus” anchor=”” class=””]
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарлар мен іс-шаралардың әзірленуін, кәсіби бағдар беру жұмыстарының ағымдағы және стратегиялық жоспарлануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасайды. Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметтерін үйлестіреді.
Тәрбие жұмысына талдау жасайды. Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды дайындау мен өткізу бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; тәрбие процесінің сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие жұмысының басқа да түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке тәрбие жұмысына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Білім алушыларға салауатты өмір салтын енгізу бойынша дене тәрбие процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмысты жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу-материалдық базаны нығайту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының кызметтері мен құрылымдарының, әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Білім беру ұйымындағы моральды-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Тәрбие қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
Жатақханалардағы сыныптан тыс жұмысқа байланысты оқу-материалдық базасын нығайтуға байланысты жұмысты ұйымдастыру.
Колледж жоспарына сәйкес мәдени-көпшілік жұмысты, жалпы колледждік және қалалық іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру. Жастар ісі жөніндегі комитетпен бірлесіп сынып жетекшілердің, тәрбиешілердің, шебер-кураторлардың іс-әрекеттеріне жетекшілік ету. Студенттік Кеңестің және студенттік өзін-өзі басқарудың жұмысын, студенттердің бос уақытын, үйірме, секциялардың, кітапханалардың тәрбие сұрақтарына байланысты жұмыстарын құрастыру. Колледж Кеңесінің тәрбие сұрақтарына байланысты шешімдерінің жүзеге асуын ұйымдастыру. [/su_spoiler]