Психолог

Колледж психологиялық қызметінің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Психологиялық қызметтің мақсаты:  қашықтықтан оқыту және дәстүрлі оқыту режимі кезінде білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

  • білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
  • білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуы жағдайында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
  • білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
  • психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
  • психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
  • білім беру үдерісі қатысушыларының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырады.

 

психолог-каз