Правила приема абитуриентов

Талдықорған политехникалық колледжіне

2018-2019 оқу жылына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 19 қаңтар №130 қаулысына сәйкес әзірленген)

( 24.01.2018 ж өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)

1. Жалпы ережелер

1. Талдықорған политехникалық колледжіне оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес коллеждге оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.

2. Талдықорған политехникалық колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

3. Талдықорған политехникалық колледжіне оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледж белгілейді.

2. Колледжге оқуға қабылдаудың тәртібі

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

1.Талдықорған политехникалық колледжі 2018-2019 оқу жылына 14 мамандық және 30 қысқартылған мерзімде жұмысшы мамандығына күндізгі, сырттай оқу түріне негізгі орта білім және жалпы орта білім негізінде мемлекеттік тапсырыс және ақылы түрде қабылдауды жариялайды.

2.Колледж тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады. Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

3. Қабылдаудың үлгілік ережелері негізінде аймақтарда қабылдау емтихандарын жүргізу үшін жылжымалы комииссия ұйымдастырылуы мүмкін.

4. Қабылдау ережесі туралы ақпарат, қабылддау комиссиясының шешімі, өтініштерді қабылдау, емтихандар кестесі және олардың нәтижелері талапкерлерге уақытылы жеткізіліп отырылуы тиіс.

5. Құжаттарды қабылдауға өтініш: күндізгі бөлімге 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, сырттай бөлімге 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында қабылданады. Қабылдау емтихандары: күндізгі бөлімге 1 – 28 тамыз аралығында, сырттай бөлімге 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өтеді.

6. Оқуға түсушілер келесі құжаттарды тапсырады:

1. Директордың атына өтініш

2. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы

3. № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы)

4. 3х4 көлемді 4 фотосурет.

5. Ағымдағы жылдағы ҰБТ немесе кешенді тестілеу қатысушылары қорытындысы бойынша берілген Мемлкеттік сертификат.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын – босқынның куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

ҰБТ қатыспаған талапкер, колледжде өткізілетін емтиханға қатысуға құқылы.

7. Қабылдау емтихандары:

Коллджге оқуға түсушілер қабылдау емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыруға құқылы.

8. Емтиханға дәлелді себепсіз кешіккен талапкерлер, емтиханға жіберілмейді.

9. Түсу емтихандары барлық мамандықтарға 1-28 тамыз, сырттай бөлімге 1тамыз -25 қыркүйекте өткізіледі.

1) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

2) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

5)бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Колледжге оқуға түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;

2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» – 8 балл, «4» – 17 балл, «5» – 25 балдарға ауыстырады.

10. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.

Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

11. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

1. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес балдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, білім мамандықтары бойынша 25 балдан кем;

2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі колледждің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Колледждің білім алушылары құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына – 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.

2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын білімгерлер қатарына қабылдану байқауын өткізгенде төмендегі талапкерлер құқылы:

1) «Алтын белгі» иегерлері;

2) Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын білімгерлер қатарына қабылдану байқауын өткізгенде бірдей көрсеткіш көрсеткен екі талапкер арасынан халықаралық олимпиада жеңімпаздары, үздік білімі туралы құжат иегерлері.

– жетім балалар және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар;

– медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша колледжде оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ 1, 2 топ мүгедектері, бала жастан мүгедектер;

– Ұлы Отан соғыс мүгедектері және соғыс қатысушыларына жеңілдіктерге және кепілдіктерге теңестірілген азаматтарға;

– ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға тапсырған ауыл жастарына;

– ҚР азаматтарына жатпайтын қазақ ұлтының өкілдеріне;

Оқуға қабылдануға жеңілдік қарастырылған талапкерлер куәландыратын құжатты көрсетеді.

3. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.

Қабылдау комиссиясы