Колледждің жұмыс жоспары

КОЛЛЕДЖДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ,  МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ

  1. Колледж миссиясы: Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында , еліміздің индустриалды – инновациялық   дамуына бағытталған, «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары рухында және «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының аясында тәрбиеленген бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
  1. Колледждің стратегиялық мақсаттары:
  • Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру негізі.
  • Білім беру қызметінің сапасын Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жетілдіру.
  • Мамандарды кәсіби құзыретті, көп тілді, әлеуметті белсенді тұлға ретінде қалыптастыру.
  • Заманауи жасампаз қоғамды цифровизациялау үрдісінің басты бағыттары ретінде білім берудің цифрлік технологиясын енгізу, заманауи цифрлік технологияларға негізделген ұтқыр білім беру ортасын жасау.
  • «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеясының және «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының өнегелік құндылықтары рухында тәрбиеленген маманның жоғары тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
  1. Колледждің негізгі міндеттері, мақсаттары және инновациялық қызметінің бағыттары:
  • Білім сапасын басқарудың философиясын жетілдіру.
  • 2016 – 2020 жылдарға колледждің перспективалық дамуы бойынша жаңа стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру.
  • «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеясының және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» Бағдарламалық құжатының өнегелік құндылықтарын колледждің тәрбиелік тәжірибесіне белсенды енгізу.
  • Жаңа педагогикалық және заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды жалғастыру. «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ-ң білім беру бағдарламаларын, кредиттік – модульдік технологиясын, қашықтықтан оқыту, үштілділік технологияларын колледждің оқыту үрдісіне енгізу.
  • Модульді – құзыреттілік тәсілі негізінде жасалған екі деңгейлік білім беру бағдарламасын енгізу экспериментіне қатысу.
  • Колледждің институционалды және мамандандырылған аккредитациясын Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау және дамуының жаңа саясаты мен стратегиясы ретінде , сонымен қатар мемлекеттік аттестацияны білім беру қызметінің сапасын бақылау және бағалау жүйесі ретінде қарастыру.
  • Колледж дамуының инновациялық стратегиясы ретінде қарастырылатын барлық іс-шараларға қатысу (ҚР БҒМ, Әлемдік Банк жобаларына, т.б. қатысу)
  • Тұлғаға бағытталған жаңаша басқарудың бірден-бір жолы ретінде колледждегі ішкі мониторингті ұйымдастыру. Оның колледж қоғамын жинақтауға бағытталған ұйымдастырушылық сипатын қолдау. Корпоративтік қатынасты дамыту.
  • Колледждегі ішкі мониторингті білім сапасын арттыруға бағыттау.
  • Инновациялық даму жағдайында оқу-тәрбие үрдісінің барлық ішкі құрылымдарының ұйымшылдығын, мақсатты-бағыттылығын қамтамасыз етіп, колледждің барлық басқару ұйымдарының құрылымын тұрақты жетілдіру.
  • Кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек нарығы жағдайында конструктивті, өзара тиімді, ұтымды экономикалық шешімдер жолын іздеу. Әлеуметтік серіктестікті барынша дамыту. Еңбек нарығының (жұмыс берушілердің) қажеттілігін ескере әдеуметтік серіктестіктің моделін білім беру менеджменті формасы ретінде қалыптастыру. Дуалды оқыту жүйесін енгізу.

Жұмыс берушілердің рөлі мен олардың білім беру қызметінің барлық аспектілеріне  қатысуын күшейту.

  • Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жүйесін қалыптастыру. Кадрлар дайындауда мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға бизнес-ұйымдарды, ассоциациаларды, жұмыс беруші бірлестігін және кәсіпкерлерді тарту. Ынтымақтастық меморандумына қол қою және оны жүзеге асыруды бақылау.
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017ж. 27 шілдедегі №355 Бұйрығымен бекітілген Үлгілік ережелерге сәйкес колледждің Қамқорлық Кеңесі қызметін ұйымдастыру.  Түлектер Ассоциациясын ұйымдастыру.
  • Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына сапалы мониторинг жүргізуді күшейту. Түлектердің жұмысқа орналасу үрдісіне әлеуметтік талдау жүргізу.
  • Педагогикалық менеджмент ұстанымдарын, кәсіби шеберліктің жаңа әдістемелік ұстанымдарын, ойлау мәдениетін және көзқарастар үйлесімділігін күнделікті жұмыста қолдануға бағыт ұстау.
  • Оқытушылар мен студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамытып, оларды зерттеу жұмыстарына, өзіндік ғылыми ізденіске тартуға бағытталған нарықтық экономика жағдайына бейімделген оқу үрдісін жетілдіру. Колледждегі ғылыми-зерттеу орталығы, студенттердің ғылыми қоғамдастығының іс-әрекеттерін, қызметін оңтайландыру.
  • Жастарды әлеуметтендіру. Белсенді өмірлік көзқарас ұстанымдарын дамыту. Студенттердің өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы – Конвент жұмысын жетілдіру.
  • Оқытушылар мен өндіріс шеберлерінің еңбегін бағалау және ынталандыру ретінде қолданыстағы рейтинг жүйесін жетілдіру.
  • Колледждің материалды-техникалық және әлеуметтік базасын техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың бір бағыты ретінде нығайту және жаңғырту
  • Колледж қызметін сыртқы ортаға ашық жүйе ретінде имиджін қалыптастыру, пікірлестер ұжымын сақтап, нығайту.