Қабылдау үшін құжаттар тізімі

Құжаттар тізбесі:

1. қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2. білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3. 3х4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

5. ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

6. жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін, жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады).

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.