Материалды-техникалық база
Колледж білім беру қызметін тиімді қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің қазіргі заманның даму деңгейіне жауап беретін қажетті материалдық-техникалық базаға ие. Колледждің МТҚ ғылыми-техникалық прогрестің дамуын, кадрлардың біліктілігін арттыру мүмкіндігін ескереді.
Білікті кадрларды даярлауда қазіргі заманғы технологиялық құралдарды пайдалану (арнайы жұмыс орындарында қолданылатын жабдықтар, толыққанды өндірістік тәжірибені ұйымдастыру мүмкіндіктері) түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі бағыттардың бірі бола алады.