Үштұғырлы тіл жобасын іске асыру мақсатында оқу-әдістемемен қамту зертханасы
Елімізде Президенттің “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобасы кезең-кезеңмен жүзеге асырылуды. 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында үштілділік мәселесіне аса назар аудартты. Елбасы өз сөзінде еліміздің болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген Қазақстандықтардың еншісінде екендігін атап айтты. Жолдауды қолдау мақсатында колледжде үштілділікті енгізу жобасы енгізіледі. Бұл жобаның негізгі мақсаты: жаһандану жағдайында үш тілді еркін меңгерген, үнемі өз білімін жетілдіруге бейім, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған инновациялық көптілділік моделін құру болып табылады. Көпмәдениетті және бісекеге қабілетті мамандар даярлау негізінде 2018-2019 оқу жылынан бастап колледжде үштілде білім алатын топтар ашу жоспарланып отыр.