Жемқорлықпен күрес мәдениеті
Талдықорған политехникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жыл 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы міндетін орындау мақсатында Талдықорған политехникалық колледжінде төмендегідей шаралар атқарылуда:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент және Талдықорған политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өтті. (2017 жылғы 7 сәуір, сағат 12:00)
- Оқу жылының басында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында» шаралар жоспары бекітілді:
- 10.2017ж. УТ-71б топ студенттерімен «Құқық негіздері» пәнінен «Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтен сыбайлас жемқорлықпен басқа да қылмыстар» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
- 12.2017 ж. Алматы облысы жастар ресурстық орталығының директоры Б.У. Жақсыкельдиновтың қатысуымен колледжде 9-желтоқсан дүниежүзілік сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» өткізілді
- 12.2017ж. «Алматы облысының жастар саясаты мәселелер басқармасы» ММ, «Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» КММ, «Жас Отан» ЖҚ АОФ ұйымдастыруымен колледжде сыбайлас жемқорлықтың фактілерін зерттеуге бағытталған «Таза сессия» акциясы өткізілді.
- 30.01.2018ж. Алматы облысы жастар ресурстық орталығының директоры Б.У. Жақсыкельдиновтың қатысуымен колледжде «Жемқорлық жастардың көзқарасымен» тақырыбында колледж білім алушыларының қабырға газеті байқауы өтті.