Ар-намыс кодексі

Талдықорған политехникалық колледжі оқытушылар мен білім алушылардың ар-намыс КОДЕКСІ

Қағидасы:

Талдықорған политехникалық колледжі оқытушылары мен білім алушылары Ар-намыс Кодексі оқу мен жұмысқа қолайлы этикалық және психологиялық ахуал орнатуға арналған міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халық мойындаған ережелері мен әдептілік принциптеріне негізделген.

Талдықорған политехникалық колледжі оқытушылары мамандығын жетік меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой-өріс мүмкіндіктерін игерген, кәсіби және мәдени бағытталған тұлғаны дайындауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып, білім алушылармен бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайту мақсатында Ар-намыс Кодексін қабылдайды. Оқытушылар мен білім алушылар Талдықорған политехникалық колледжінің өнегелілік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді атсалысады.

Мақсаты:

Бұл Кодекс мынадай мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді:

* сапалы кәсіптік білімді ұсыну;

* білікті көзқарасы арқылы болашақ мамандар мансабының өсуіне көмектесу;

* өмірлік көзқарасы белсенді азаматтарды, бәсекелі ортада жұмыс істей алатын жетекшілерді тәрбиелеу;

* білім алушылардың көпқырлы қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

* білім алушыларды болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық

сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуға, парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі болуға ұмтылдыру

Мазмұны:

Колледж оқытушылары мен білім алушылары оқу және еңбек тәртібі ережелерін сақтауы Колледж Жарғысына, Ішкі тәртіп ережелеріне, осы Кодекстің нормаларына, сонымен қатар жалпы және іскерлік этика ережелеріне сәйкестікте жүзеге асырылады.

Негізі:

Кодекс Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушылары мен білім алушыларының тәртіптерінің этикалық негіздері мен қарым-қатынастарын реттеуге негізделген.

1. ОҚЫТУШЫНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Оқытушы:

* оқытушы білім алушылардың білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болады, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелейді;

* оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытады;

* оқытушы-ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.

* оқытушы өз іс-әрекетімен білім алушыларға еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.

* оқытушы білім алушылар мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

Оқытушы өзінің кәсіби қызметінде міндетті:

* адам мен азаматтың абыройы мен намысын оның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дін қатынасына, сеніміне, тұратын жеріне не басқа да жағдайларға тәуелсіз құрметтеуге;

* жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік және басқа тілдерді, Қазақстан ұлттарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге;

* Политехникалық колледжі мен өз мамандығының беделін, дәстүрлерін қадірлеуге, сақтауға және арттыруға;

* сыпайы және әдепті болуға;

* колледж мүлкіне ұқыпты қарауға;

* колледж аймағын көгалдандыруға көмектесуге;

* қызметтік немесе оқу міндеттерін орындау кезінде киім киюде іскерлік стильді ұстануға, сыртқы келбеті көрнекі болуына;

* кемшіліктерді жою және өз кәсіби қызметін жақсарту үшін конструктивтік сынды қолдануға;

* колледж миссиясын және білім беру саясатын ұстануға;

* колледж Жарғысы мен Ішкі еңбек ережелерін сақтауға;

* қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға, жұмыста оң нәтижелерге жетуге;

* кәсіби шеберлік, ғылыми және кәсіби білімдарлық, сендіру қабілеттерінің болуына және үлгі-өнеге көрсетуге;

* оқытушы кәсіпқойлығын және колледж беделін арттыратын білім беру, мәдени және спорттық сипаттағы іс-шараларға белсенді қатысуға;

* өздігінен білім алумен айналысу, біліктілігін арттыруға;

* жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

* қызметтік ақпаратты пайдақорлық пен басқа да жеке мақсаттарға қолданылуына жол бермеуге;

* іске деген өз қатынасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және моральдық-психологиялық жағдай жасауға әсер етуге;

* әріптестер тарапынан қызметтік тәртіп қағидаларын бұзу жағдайларына жол бермеуге;

* іскерлік және жалпы мәдениетті сақтау, адамгершілік-этикалық қасиеттердің жоғары деңгейін: сыпайылылық, әдептілік, төзімділік, биязылық пен құрмет, адалдық, табандылық, әділеттілік, коммуникабельдік, сабырлық, мейірімділік, қатынасу дарындылығын көрсетуге;

2. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Білім алушы:

* өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азаматы болуға ұмтылады.

* үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады.

* парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді.

* салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады.

* колледждің дәстүрлерін құрметтейді, оның мүліктерін қорғап, тазалығын қадағалайды.

* колледждің атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды.

* колледж қабырғасынан тыс уақытта, өзінің колледж білім алушысы екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды

* академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату т.б. әрекеттерге жол бермейді.

* болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық ықылассыз іс-әрекеттер үйлесімділік танытпайды деп санайды.

Білім алушы міндетті:

* Колледж атынан жүргізіліп жатқан іс-шараларда немесе колледж аумағында жүргізілетін жұмыстарда саяси мәдениеттілікті сақтауға;

* оқытушыларды адал жолдан тайдырмауға, алдаумен байланысты жасалған кез келген іс-әрекетке араласпауға және оларға қатысты өздерін дөрекі және мәдениетсіз ұстамауға;

* емтихан тапсыру кезінде, тапсырма орындауда немесе жазбаша жұмыс қорғауда және басқа да білімді аралық бақылау кезеңінде көмек пайдаланбауға;

* емтиханды тапсыру, реферат, бақылау жұмысын орындауда өз жеке еңбегі нәтижесі ретінде басқа біреудің жұмысын көрсетпеуге (интернет және басқа электронды, web-көздері);

* себепсіз сабақтан кешікпеуге немесе қалмауға;

* сабақ уақытында ұялы телефонды пайдаланбауға, арнайы техника қолдану арқылы ойын ойнап, музыка тыңдамауға;

* басқа білім алушылармен қарым-қатынас жасауда іскерлік ережені және студенттік этика қағидаларын сақтауға;

* жүріс-тұрысында, киім киюде ұқыпты болуға;

* жатақханада тұрғанда тұрғындармен келіспеушіліктен аулақ болуға және олармен жақсы қарым-қатынаста болуға;

* колледж әкімшілігімен, қызметкерлерімен және оқытушыларымен сыпайы қарым-қатынаста болуға және дөрекілікке жол бермеуге;

* жеке тұлғаның намысына тиетін лексика және нормаға сай емес сөздер қолданбауға;

* колледж бірлестігінде өзара сыйластық пен сенім кеңістігін, жоғары академиялық мәдениетті құптауды қамтамасыз етуге, пайда болған араздықты бейбіт жолмен шешуге тырысуға, басқа білім алушыларға қатысты жасалған қорлыққа жол бермеуге;

* Талдықорған политехникалық колледжі беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттен аулақ жүруге;

* колледж аумағында және оқудан тыс уақытта алкагольдік ішімдіктер, наша заттарын қолданбауға;

* колледж мүлкінің бүтіндігін сақтауға;

* колледж имиджінің жақсаруы, бірлестік мәдениетін көтеру, студенттік белсенділікті дамыту (ғылыми-оқу, спорттық, шығармашылық, азаматтық) студенттік өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған қажетті және пайдалы барлық іс-әрекетті қолдауға;

* осы Кодекс ережелерінің бұзылуына қатысты жағдайды шешуге қатысуға, оқу үрдісіне және жалпы ұйымдастыру сұрақтарына байланысты өз пікірін айтуға құқылы.

* Колледждегі білім алушылардың өз-өзін басқару органдары өз қалауы бойынша берілген кодекс ережелерін бұзушыларға: көпшілік талқысына салуға құқылы.

3. КОДЕКС ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

3.1 Колледж қызметкерлері мен білім алушылары Ар-намыс кодексін білуі міндетті, қызметі мен мінез-құлқы үшін колледж қауымдастығы алдында жауапты.

2. Ар-намыс кодексі оқытушылар мен білім алатын студенттердің бәріне бірдей, тең дәрежеде ортақ іс.

3. Колледждің әрбір оқытушысы мен білім алушысы осы Кодекстің орындалуы үшін моральдық жауапты.

4. Кодекс ережелерінің бұзылуы колледж қызметкері мен білім алушыларының мәртебесіне лайықсыз әрекет ретінде қарастырылады.

5. Ар-намыс кодексінің орындалуын бақылау колледж студенттік өзін-өзі басқару ұйымына және колледж кеңесіне жүктеледі.

6. Ар-намыс кодексі нормаларын бұзғаны үшін білім алушылар мен оқытушыларға келесідей шаралар қолданылуы мүмкін:

* бұқара алдында кешірім сұрауға кепілдеме;

* тәртіпті болуға ықпал ету;

*

* Колледж Кеңесінде талқылау.