ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «ZHANSUGUROV COLLEGE» колледж студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша аймақтық олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты: Таңдалған пән бойынша білімді тереңдету және біліктілікті қалыптастыру және дарынды жастарды анықтау және ғылымға бейімдеу болып табылады. Аймақтық олимпиадаға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Read more…

Кәсіпкерлік және әлеуметтік пәндер

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің “Кәсіпкерлік және әлеуметтік пәндер” кафедрасының онкүндігі аясында оқытушылардың ұйымдастыруымен колледж студенттері Талдықорған каласындағы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы филиалының менторы Асқар Амангелдіұлы Адамовтың “Жобалық басқару” атты тренингіне қатысып, қажетті мағлұмат алды.

ONE DIRECTION

Наша волонтерская группа под названием “ONE DIRECTION” посетила областной детский дом Айналайын с волонтерским социальным проектам под названием “День добра” провели небольшую развлекательную программу и пригласили ребят в наш колледж Люди делайте больше добра!

IT технологиялар

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің “IT технологиялар” кафедрасының онкүндігі аясында колледждің жас мамандарына “Бағдарламалау күні” тақырыбында LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 робототехникалық платформасын таныстыру мақсатында шеберлік сағаты өткізілді.

Мың бала

Қараша айының 22-26 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халық Ассамблеясы өзге этнос жастарының “Мың бала” республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды шарасына және мемелекеттік тілді ілгерлету жөніндегі Республикалық форумына Алматы облысы делегацияның құрамында болған Талдықорған жоғары политехникалық колледжінен Жігер Бегдаулетұлы, Көмек Әшіржанұлы қатысты.