STEM БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ
ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «STEM БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ» ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің IT кафедрасының онкүндігінің жабылуына орай кафедра оқытушылары мен Алматы облысының Жастар саясаты мәселесісінің ұйымдыстыруымен және Қалалық білім бөлімінің қолдауымен, 25 қала мектептерінің арасында «STEM БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ» атты турнирді өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Жастар арасында STEM-сауаттылықты дамытуға, жастар арасындағы заманауи ақпараттық технологияларды игеріп, бәсекеге қабілеттілікке ықпал ету, мектеп оқушыларын STEM-ге тарту және қызықтыру негізінде әлеуетін және STEM пәндерге оқыту жүйесін қалыптастыру.
Турнир 3 бағытқа бөлінді. Олар: Scratch бағдарламалау ортасы, Web бағдарламау конструкторлар негізінде сайт құру және графикалық дизайн. Графикалық дизай құзыретілігі бойынша жарысқа қатысушылар жарнама буклеті немесе логотип дизайнын жасаудан сайысқа түссе, ал бағдарламалау құзыреттілігі бойынша оқушыларға компьютерлік ойын құру мақсаты алға қойылды.
Турнирге жалпы 75 жоғары сынып оқушылары және жетекшілері қатысты. Нәтижесінде қаламыздың №2, 14 және 8 орта мектептерінің үздік және дарынды оқушылар және жетекшілері жүлделі орындарға ие болып бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.
[su_slider source=”media: 9088,9089,9090,9091,9092,9093,9094,9095,9096,9097″ limit=”32″ link=”lightbox” width=”480″ height=”280″]