Алиева Айым Қасенқызы
Телефон: 8 747 724 95 46
E-mail: a.salut@mail.ru
[su_spacer size=”40″]
«Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» бөлімінің 25 жыл тарихында 4 мыңнан астам білікті мамандар дайындалып шықты. Олар республикамыздың, облысымыздың түпкір-түпкірінде, алыс және жақын шет мемлекеттерде де сәтті қызмет етуде.
Бүгінгі «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» бөлімі – уақыт талабына сай заманауи бөлім. Шәкірттерді ізгілікке тәрбиелеуде, олардың шеберліктерін, біліктіліктерін арттыру мақсатында бөлімде 35 оқытушы қызмет етеді. Оның ішінде 11 магистр, 14 жоғарғы санатты, 6 бірінші санатты педагогтар дәріс береді.
Студенттер үшін соңғы үлгіде жабдықталған, озық технологиялармен қамтамасыз етілген оқу кабинеттері, зертханалары бар. Сабақ барысында соңғы үлгідегі ақпараттық және инновациялық технологиялар кеңінен қолданылады.
Студенттердің ғылыми зерттеулерге ынталандыру, олардың кәсіптік іскерліктерін дамыту, кәсіптік білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға жағдай жасау, дарынды студенттерге қолдау көрсету мақсатында 6 пән үйірмелері ашылған. Барлық үйірмелер жыл сайын бір тақырыптағы өзекті мәселе аясында зерттеулер жүргізеді.
Ынтымақтастық аясында «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар» бөлімі 2018 жылы ІТ Support Group компаниясымен Меморандумға қол қойып озық тәжірибелерімен алмасуда. Осы меморандум аясында арнайы пән оқытушылары Ешен Ф., Скоромный И. В., Токенова Г.С. біліктіліктерін жетілдірді.
Мамандар даярлау сапасын арттыру және әлемдік білім беру кеңістігіне қосылу бағытында мақсатты түрде жүргізілген қызметтің нәтижесінде 2018 жылда бөлімнің 4 мамандық бойынша 0502000 «Телекоммуникациялық құрылғыларды және тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету» , 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 1305000 «Ақпараттық жүйелер», 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандандырылған аккредитациядан өтті.
Бөлім жыл сайын шығармашылық байқаулар, олимпиадалар өткізеді, республикалық және аймақтық деңгейлерде өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысады. Кәсіби жарыстарға қатысатын студенттердің саны, жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жарыстар, спорттық жарыстары өсті. Шығармашылық қызметі, студенттердің ғылыми әлеуеті бірнеше мәрте бағаланып, олардың жетістіктері олардың жеңістерімен расталады .
Соңғы жылдардағы бөлімнің айтулы жетістіктері, ол:
2016 – 2017 жылдар аралығында Студент Нұрдәулет Шәріпханов – Алматы облысындағы Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым Академиясының XXVI –ші аймақтық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (информатика бөлімі) жеңімпаз атанды, ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Койшыбай Т.Б.;
2017-2018 жылдар аралығында студенттері Нардәулет Шәріпханов, Инкар Базарханов, Алматы облысындағы Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым Академиясының (Информатика бөлімі) 4-ші аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпаздары атанды ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі Койшыбай Т.Б.;
2017 жылы студенттер Базарханов Инкар, Елшибекова Саина, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық қайта құру және даму банкінің жастар корпусын дамыту жобасының жеңімпаздары атанды , ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының магистрі Койшыбай Т.Б.;
2016 жылы Б-51б тобының студенті Сарсен К. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының 42-ші республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, 1 орынды иеленді. Жетекшіcі: Құсайынова Д.К.
Тұрарбекова Н.Н. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының 42-ші республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жеңімпазы атанды. Жетекшісі: Игукибекова А.Б. Жұмайбеков Е.К.;
Берикова Насерке, Ұлан Айдос Қазақстан Республикасының 43-ші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында екінші және үшінші орын иегерлері атанды. Ғылыми жетекшісі Алибаева И.Б.;
2016-2017 жылдар аралығында Шарипханов Нұрдәулет Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы XXVI –шы облыстық, Республикалық лауреаты атанды. Ғылыми жетекшісі: Койшыбай Т.;
Турдаухан Мадина – «Абай атындағы көрсем сөз оқу шеберлері» қалалық байқауының жеңімпазы және Алаш Орданың 100 жылдығына арналған республикалық эссе байқауында 2 орын иеленді. Жетекшісі: Тұрысбекова Гүлзира Тлеубекқызы;
Айнұр, Айгүл Өмірғалиқыздары «Патриоттық әндер» облыстық конкурсында 2 орын, «Талдықорған шұғыласы» облыстық байқауында 2 орын алды.
2018 жылы В-611б тобының студенті Турдаухан М . Талдықорған қаласы әкімінің премиясы бойынша «Ең үздік студент» номинациясында «Көшбасшы -2018» жеңіп алды;
2018 жылы Алматы қаласындағы « DIGITAL POLITECH» қалалық робототехникалық байқауда ИС-712б ТПТК тобының студенттері (Арсен Билялов, Кирилл Свинцов, Тлеубай Диас ) 2-ші орынға ие болды (команданың жетекшісі: Скоромный И.В.);
05.11.18-09.11.18 – ИС-712 б тобының студенттері Алматы қаласында «IT SUPPORT GROUP» компаниясында тәжірбиеден өтті, тәжірбиеден өткен соң олар сертификаттармен марапатталды;
2016 жылы Worldskills облыстық чемпионатында Ержанов Ерік – «Гран-при», Сайлаухан Рүстем – 1 орын және 3 орын – Ханиеметов Нұрқали студентері ие болды. Сол жылы Ержан Ерик Дүниежүзілік шахмат бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, 4 орынды (медальон) алды. Жаттықтырушы және сарапшы Н.Сакабаев;
2017 жылы облыстық «Білімді ұрпақ – болашақ», олимпиадасында Қанияхметов Нұрқали «Ақпараттық жүйелер» секциясы бірінші орынды иеленді. Жетекшісі Н.Сакабаев;
2017 жылы Ержанов Ерік Алматы облысының колледж студенттері арасында «Ақпараттық технологиялар саласындағы үздік маман» байқауында 1 орын алды. Байқаудың мақсаты жастар шығармашылық әлеуетін дамыту, болашақ жас мамандарға біліктілік пен білім алуда көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау болды. Жаттықтырушы және сарапшы Н.Сакабаев;
2017 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының 43-ші республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, 1 орынды иеленді. Жетекшіcі: Тойшибекова А.Б.;
2018 жылы «Үздік IT-маман» байқауында Албосынов Назар бірінші орынды жеңіп алды. Байқаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Үшінші индустриялық революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау болды. Жаттықтырушы және сарапшы Н.Сакабаев.
Оқытушылар Токенова Г.С., Сакабаев Н.К.,. «Холдинг «Кәсіпқор» коммерциялық емес акционерлік қоғамның штаттан тыс тренерлері, Токенова Г.С., Сакабаев Н.К. Worldskills
ұлттық чемпионатының эксперттері , Токенова Г.С. ТжКББ жаңартылған оқулықтарының авторы.
Жалпы алғанда, бөлімде студентке бағытталған қөзқарас қалыптасқан. Бөлімнің оқытушылар құрамы студенттерге тек білім беріп қана қоймай, оларды болашақтағы дербес өмірге, кәсіби іс-әрекетке дайындайды.