ДУАЛДЫ ОҚЫТУ КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ КЕПІЛІ

Published by Админ on

Өндіріс орындарында білім алушылар дуалды оқыту кезінде – кәсіби біліктілігі мен іскерлік дағдыларын меңгеріп, жан-жақты дамытады. Дуалды оқытуды енгізу арқылы елімізде білім беру деңгейін жоғарылатып, білікті мамандар қатары көбеюде.

Қазіргі таңда білім беру орындары кәсіпорындармен тығыз байланысып, білім алушыларға барлық жағдай жасап, жаңа инновациялық техникалармен жұмыс жасауды үйретіп, заман талабына сай сапалы білім беріп, білікті мамандар даярлауда.

Дуалды оқыту – теорияны өндіріспен ұштастыра оқытудың технологиясы болып табылады. Мұнда білім алушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуалды оқытудың негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Дуальды оқыту бойынша білім алушы, өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибеден өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын және оқу орны арасында оқыту мен кәсіптік практикадан өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін арнайы жазбаша үш жақты келісім шарт жасалады. Осы мақсатта Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде биылғы оқу жылында 9 мамандық бойынша 921 білім алушылар дуалды оқытуда оқиды.

Қазіргі кезде «Техник-электрик», «Техник-механик», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандықтықтары бойынша кәсіптік тәжірибеден өту үшін «Талдықорганкабель» ЖШС, “DIDAKТ-KZ” ЖШС, ЖШС «Транстал», АО «КазПочта» және ЖШС «Шымыр» кәсіпорындарымен үш жақты келісім шарт жасалынып, білім алушыларымыз өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Кәсіпорын білім алушыларға жұмыс киімімен қамтамасыз етіп, сонымен бірге еңбек ақысын төлеуде.

Талдықорған политехникалық колледжі дуалды білім беру негізінде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болуын қамтамассыз ету мақсатында көптеген кәсіпорындармен келісім шарт жасалуында. Себебі, дуалды оқыту мекемегеде, оқу орнынада және білім алушыларғада тиімді болып табылады. Дуалды оқытудың ерекшелігі жұмыс беруші өзіне дайын маманды жұмысқа алады, оқу орны дайындаған кадрын жұмысқа орналастырады, ал бітіруші жас маман бірнеше жылдық оқу процесі мен тәжірибеден өту кезінде алған тәжірибесімен бәсекеге қабілетті, дайын маман ретінде өз орнын тауып, еңбек нарығындағы кадр жетіспеушілігін болдырмайды. Болашақ маманнның өзіне деген сенімі мен жауапкершілігі артады, жұмыс таба алам ба деген қорқыныш болмайды, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы артады.

Осыған байланысты Талдықорған жоғары политехникалық колледжіне қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру болып табылады.

[su_slider source=”media: 8553,8554,8555,8556,8557″ limit=”32″ link=”lightbox” width=”480″ height=”280″]

Categories: НОВОСТИ