«ОҚУҒА ҚҰШТАР КОЛЛЕДЖ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА
“Оқуға құштар колледж” Республикалық жоба аясында 9.01.2025 ж. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары “Жылдың үздік оқырманы” байқауын ұйымдастырып, өткізді. Байқаудың мақсаты жазушылар шығармаларымен кеңінен танысу, оқырмандарды шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру.
Байқауда әр кафедра оқытушылары 2025 жылғы мерейтой иелері – Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар», Ш.Қалдаяқов әндері, К.Тоқаев «Әке туралы естелік», Н. Тілендиев «Есіңе мені алғайсың», М.Мағауин «Бір атаның балалары», Ә.Нүрпейісов «Қан мен тер», І.Есенберлин «Көшпенділер», М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» шығармалары бойынша буктрейлер дайындап, көрсетті. Екінші кезеңде берілген шығармалар негізінде сахналық көрініс қойылды.
Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды

0 Comments