«WORLDSKILLS TALDYKORGAN 2022» АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

Published by tptk.kz on

«Техникалық және кәсіптік білімнің мәртебесін көтеру, білім алушылар мен жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту және Ұлттық чемпионатқа IT бағытында қатысатын үміткерлерді анықтау» мақсатында 2022 жылдың 11-13 мамыр аралығында «WORLDSKILLS TALDYKORGAN 2022» аймақтық кәсіби шеберлік Чемпионаты өткізіледі.

IT бағытындағы аймақтық чемпионатқа 14 құзіреттілік бойынша 93 білім алушы қатысуда.
Чемпионаттың негізгі құзіреттіліктері: Графикалық дизайн, Web технологиялар, Мобильді робототехника, Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу, Ақпараттық кабелдік желілер, Электроника, Желілік және жүйелік әкімшілендіру, Фотосурет, Видеомонтаж, Киберқауіпсіздік, Инженерлік графика Cad, Абилимпикс-
Графикалық дизайн

«Worldskills Taldykorgan 2022» аймақтық кәсіби шеберлік Чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді. Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауға жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар үстіміздегі жылы желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады.

Categories: НОВОСТИ