Білім басқармасының жанындағы кеңейтілген алқа мәжілісі
Ағымдағы жылдың 17-18 ақпан күні Білім басқармасының жанындағы кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілуде. Аталған жиынға облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұманов және білім бөлімдерінің басшылары, колледж директорлары, облыстық білім беру мекемелерінің бірінші басшылары және алқа мүшелері қатысты.
Алматы облысы білім басқармасы жанындағы алқа мәжілісінің екінші күні тәжірибе алаңымен жалғасты. Осы орайда, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу және жаңғырту тәжірибесімен бөлісті.